Жаңалықтар

«ЕҚЫҰ аймағында антисемитизммен күрес»

Бөлісу

2021 жылдың 1-2 ақпанында Швецияның ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Демократиялық институт және адам құқықтары бюросымен бірлесе ұйымдастырған «ЕҚЫҰ аймағындаАнтисемитизммен күрес» тақырыбында онлайн-форум өтті. Іс-шараға Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы атынанДепартамент Директоры К.Калилаханова қатыстып, өз пікірімен бөлісті.

Сарапшылар кездесуі - антисемитизмге қарсы іс-қимыл бойынша ЕҚЫҰ аймағының озық тәжірибелерімен және практикалық шараларымен алмасудың маңызды алғышарты болып саналады.

Форумның панельдік сессияларына ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің 200-ге жуық сарапшылары қатысты. Олар ЕҚЫҰ аймағындағы антисемитизмге қатысты қазіргі проблемалар мен мүше мемлекеттердің осындай сын-қатерлерге реакциясын талқылады. ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер антисемитизмнің алдын алу және оған қарсы күресті ұйымдастыру жөніндегі шараларға ерекше назар аударды.

Іс-шараның бірінші күніне ЕҚЫҰ Төрағасы, Швеция Сыртқы істер министрі-А.Линде ханым, Антисемитизммен күресу жөніндегі қазіргі төрағаның өкілі раввин-Э.Бейкер, және ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының Директоры-  М.Мекаччи қатысты.

Сондай-ақ, форумға ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Қ.Әбдірахманов, ЕҚЫҰ-ның нәсілшілдік, ксенофобия және кемсітуге қарсы іс-қимыл жөніндегі төрағасының өкілі Р.Полак, мұсылмандарға қарсы төзімсіздік пен кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі төраға өкілі М.Пачаджи, Еврей саяси зерттеулер институтының атқарушы директоры Дж.Бойлд және басқа да делегациялар қатысты. Спикерлер антисемитизм, төзімсіздік пен кемсітушіліктің кез келген түрімен күресу үшін тиімді және кең ынтымақтастық құру бойынша озық тәжірибелермен алмасты.

Екінші күні Холокост құрбандарын еске алу және антисемитизмге қарсы күрес Мальм Халықаралық форумының тұсаукесері өтті. Іс-шараға Швеция Премьер-Министрі Кабинетінің Мемлекеттік хатшысы К.Валленстин және Мальма форумы хатшылығының меңгерушісі П.Марселиус қатысты. Олар бұл форум 2021 жылдың 13-14 қазанында Швеция премьер-министрі С.Лофвеннің басшылығымен өтеді деп атап өтті. Бұл шара Холокостты еске алудың халықаралық альянсы мен Стокгольм декларациясы құрылуының 20 жылдығына арналатын болады.

Екінші панельдік сессия барысында мемлекеттер, халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғам институттары ЕҚЫҰ кеңістігінде антисемитизмге, төзбеушілікке және нәсілшілдікке қарсы күресу үшін сенімді көпірлер мен кең тиімді коалициялар құру мәселелерін қарады.

Панельдік сессияның спикерлері: БҰҰ-ның дін немесе сенім бостандығы бойынша арнайы баяндамашысы - доктор А.Шахид; Еуропалық Кеңестің антисемиттік, мұсылмандыққа қарсы және діни төзімсіздік пен жеккөрушілік қылмыстарының басқа түрлері бойынша арнайы өкілі - Д.Хольтген; антисемитизммен күресу және еврейлер өмірін дамыту бойынша ЕО үйлестірушісі – К.Шнурбейн; ЮНЕСКО-ның аға офицері - К.Фракапане; Диффамациялыққа қарсы лиганың халықаралық істер жөніндегі аға вице-президенті - Ш.Назарян.

Осы панельдік сессияда К.Калилаханова  өз ойларымен бөлісіп, Қазақстан ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекет ретінде халықаралық ұйымның гуманистік бастамаларын қолдайтынын, оның ішінде антисемитизм, радикализм мен төзбеушіліктің кез келген түріне қарсы тұруға баса назар аударатынын атап өтті. Бұл жалпы, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылында діни сенім бостандығы мен рухани прогресті қамтамасыз етуге, елдегі азаматтық бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді сақтауға және нығайтуға бағытталған мемлекеттік-конфессиялық саясаттың шешуші негізін құрайтынына назар аударды.

Сонымен қатар, Директор К.Калилаханова Қазақстанның діндер, конфессияаралық диалог пен келісімді ілгерілету мен нығайту тәжірибесі мен практикасы әлемдік деңгейде қолдануға болатындығын жеткізді.

Қазақстан мемлекеті дүниежүзілік өркениетаралық және дінаралық диалогтың - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақырудың сенімді көпірі болды.

Сондай-ақ, спикер конференция ұйымдастырушылары мен қатысушыларының назарын антисемитизмге қарсы күресте Қазақстанның және оның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Манифест. Бүкіләлемдік ХХІ ғасыр», БҰҰ және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезі Декларациясымен бекітілген терроризмнен азат әлемге қол жеткізудің әдеп кодексі» бірегей жаһандық бастамаларын қолдану қажеттілігіне тоқталып өтті

Қорытындылай келе, Стогкольм форумы халықаралық сарапшылардың осындай кездесулері мен диалогы ЕҚЫҰ үшін антисемитизмге қарсы іс-қимылдың озық тәжірибелерімен алмасудың маңызды мүмкіндігі деген тұжырымға келді.