Жаңалықтар

Бейбітшілік және келісім сарайында сараптамалық кездесу өтті

Бөлісу

2020 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Ғ. Балаеваның тапсырмасын іске асыру мақсатында Бейбітшілік және келісім сарайында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институты қызметкерлері Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің гуманитарлық мамандық студенттерімен, магистранттарымен, докторанттарымен сараптамалық кездесу өткізді.

Іс-шара барысында діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институтының директоры Е.К. Байбол, институт департаменттерінің басшылары: Т. Ж. Жақиянов, Э. А. Бірәлі, Р. И. Қамарова сөз сөйледі. Олар институт қызметінің негізгі бағыттары, заманауи мамандарға қойылатын өзекті талаптар, жұмысқа орналасу перспективалары туралы айтып берді. Сондай-ақ, Бейбітшілік және келісім мұражайында экскурсия өткізілді.

Кездесу соңында студенттер өз ұсыныстарын білдірді