Жаңалықтар

«Интернеттегі деструктивті көріністерге қарсы тұру үшін мемлекеттік органдардың жұмысында кибербақылау жүйесінде жаңа технологияларды қолдану» атты онлайн-семинар өтті

Бөлісу

Діни сараптама Департаментінің қызметкерлері интернеттегі деструктивті көріністерге қарсы тұру үшін жаңа технологияларды мемлекеттік органдардың жұмысында, Кибернадзор жүйесі мысалында  қолдану туралы онлайн-семинарға қатысты.

11 қарашада «Интернеттегі деструктивті көріністерге қарсы тұру үшін мемлекеттік органдардың жұмысында кибербақылау жүйесінде жаңа технологияларды қолдану» онлайн-семинар өтті. Семинар ҚР АҚДМ «Ақпарат және талдау орталығы» РММ тарапынан ұйымдастырылды. Іс-шараға KazDream, ҚР БҒМ, Нұр-Султан, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыстардың ДІБ қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы», Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институты, Дінтану сараптамасы Департаментінің қызметкерлері белсенділік танытты.

Дінтану сараптамысы департаментінің бас сарапшысы Т.Т. Темирбаев Заңсыз мазмұнды таңбалау мәселелері туралы: діни сараптама тәжірибесі жайлы баяндама жасады. Баяндама барысында «Кибернадзор» желісіндегі объектілерге дінтану сараптамасын жүргізу бойынша өзекті мәселелер талқыланып, аталмыш жүйенің тиімді жұмыс атқаруы мақсатында бірқатар ұсыныстар айтылды.