Жаңалықтар

Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Алтай Абибуллаев пен «LYNC» америкалық ұйымының президенті Wade Kusack екіжақты серіктестіктің келешегін талқылады

Бөлісу

13 қазан күні Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Алтай Абибуллаев пен «Love Your Neighbor Community» үкіметтік емес америкалық ұйымының президенті Wade Kusack кездесуі өтті. Кездесу барысында өркениетаралық диалог бағытындағы екіжақты серіктестіктің келешегі талқыланды.