Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Алтай Әбибуллаев Алматыға жұмыс барысында Қазақстанның Бас раввині Е.Коген, Алматы қаласы орталық мешітінің Бас имамы Е.Шоқай, ЮНЕСКО-ның Орталық Азия офисінің директоры К.Пиккатпен, сондай-ақ, БҰҰ-ның Қазақстандағы коммуникация департаментінің басшысы В.Самекпен кездесті. Кездесу барысында өркениетаралық құндылықтар мен дінаралық диалогты ілгерілету туралы сөз қозғалып, өзара ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.