Жаңалықтар

Министр Аида Балаева Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының жаңа кеңсесінде болды

Бөлісу

24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ақпараттық және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының жаңа кеңсесінде болып, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің, Хатшылығының және Орталықтың ресми сайтының (www.religions-congress.org) тұсаукесеріне қатысты.

Пандемия жағдайындағы конфессияаралық және өркениетаралық диалогты , министр Аида Балаева Орталықтың басшылығымен кездесуде Хатшылық пен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне қатысушылармен өзара жасампаздық пен халықаралық серіктестікті дамыту, Институттың ақпараттық-түсіндіру, діни ахуалды талдау және діни сараптама жұмыстары бойынша Орталықтың жаңа негізгі міндеттерін атап көрсетті.

Белгілі болғандай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөйлеген сөзінде «Соңғы отыз жылда Қазақстан БҰҰ-ның барлық басты органдарында, соның ішінде, Қауіпсіздік Кеңесінде жанжалдарды реттеу, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану, терроризмге қарсы күрес, конфессияаралық және ұлтаралық диалог, теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің мүддесін қорғау сияқты басымдықтарды дәріптеуге атсалысты» деген болатын.

Осыған байланысты, Орталықтың Басқарма Төрағасы Алтай Әбибуллаев жаңа халықаралық нақтылықтағы Орталық жұмысының стратегиялық басымдықтарын, міндеттерін, идеологиясы мен форматын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтау және қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларын халықаралық деңгейде ілгерілету бойынша жұмыстарын атап өтті, сонымен қатар дінаралық диалог қатысушыларын шоғырландыру мақсатындағы Орталықтың жаңа және бірегей жобаларының мәнін ашып берді.

Анықтама ретінде: Қазіргі уақытта Орталық БҰҰ жүйесінде тіркелуді күтуде, халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтуде, БҰҰ Өркениеттер Альянсымен, Исламабад Халықаралық Ислам Университетінің Ислам Зерттеу Институтымен және БАӘ Мәдени Дипломатия Халықаралық Институтымен серіктестікке қол жеткізді. Аль-Азхар дінаралық диалог орталығымен, Мұсылмандық Ақсақалдар кеңесімен, Ресейдің дінаралық кеңесімен, Діндер диалогы бойынша Папалық Кеңеспен, Иорданияның Корольдік дінаралық зерттеулер институтымен және Съездің өзге де акторларымен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қою жоспарланған.