РПЦ МП басшысы сондай-ақ ардагерлерді жастармен өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісуге шақырды.
Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігі туралы тарихи естелікті сақтауға шақырды.
"Халық жадында қашанда Отанды құтқару үшін өмірін қиған барлық адамдарға деген аңыздар, естелік, құрмет сезімдері сақталуы тиіс» - деді патриарх сейсенбі күнгі Құтқарушы Христ ғибадатханасында ардагерлермен кездесуінде.
Оның сөздері бойынша, ардагерлердің «біздің тарихи тіршілігімізді қамтамасыз еткен» Жеңіске қосқан үлестері туралы есте сақтау, ресейліктердің «халық ретінде сақталуына» көмектеседі.
Сондай-ақ патриарх «Шіркеу үшін марқұмдар жоқ. Тек тірі адамдар ғана бар болғанындай, халық үшін де марқұм қаһармандар болумауы тиіс, барлығы біздің жадымызда сақталуы тиіс, сонда халықтың өзі де сақталады» деп атап өтті.
"Ардагерлер – бұл өміршең қаһармандар, бұл соғыстың үрейлі жолдарын өткен, өлімге тура қараған сіздерсіздер, құрметті ағалар мен апалар», - деді патриарх шіркеу ғимаратының залында жиналғандарға.
Патриарх ардагерлерді бүгінгі күні көбінесе материалдық құндылықтарға, жайлылыққа және жай өмірдің игіліктеріне, яғни Орыс шіркеуінің басшысы атап өткендей, олар үшін «өмірін қиюға болмайтын» құндылықтарға бағытталған, өсіп келе жатқан ұрпаққа өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісуге шақырды.
"Сіздерге сенеді, өйткені сіздердің айтқан барлық сөздеріңіз, сіздердің жеке тәжірибелеріңізбен расталған. Біздің халқымыздың қаһармандық өткен өмірі оның бүгінгі күні болуына Тәңір жазсын ", - деген сөздерді патриарх ардагерлерге жолдады.