«Біз қауырт жағдай туғызуда белсенді түрде қатысатын және діни себептермен опасыздық әрекет пен арандатушылық арқылы тұрақтылық, ынтымақ және тіпті бейбітшілікке қауіп төндіретін экстремистік элементтер дінді халықаралық қатынастардың күн тәртібіне енгізу жайындағы ақиқатты елемеу мүмкін емес», - деп ол, бейсенбі күні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Тұрақты кеңесінің отырысында сөз сөйледі.
«ИКҰ мақсаты мен міндеті ЕҚЫҰ-ның мақсаты мен міндетінен көп ерекшеленбейді, себебі біздің ұйымдарымыз халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік ісіне қызмет етеді», - деп Ихсаноглу атап айтты.
Қос ұйымның бар ынтымақтастығын нығайту – бұл жағымды үрдіс деп айтты ол, 2010 жылы ЕҚЫҰ-да төрағалық ететін және 2011 жылы ИКҰ-да да төрағалық ететін Қазақстан осындай ынтымақтастыққа ат салысуына болады.
Жек көрушілік пен төзімсіздіктің өсуі «тұрақтылық пен бейбітшілікке төніп тұрған аса қатерлі қауіп қатарына жатады және қауіпсіздікке қатерлі қауіп болып табылады», - деп ИКҰ басшысы атап өтті.
Ол ЕҚЫҰ-ын төзімсіздік және экстремизмді тудыратын «тұрақтылық, ынтымақ және қауіпсіздікке төніп тұрған қауіпке» ерекше назар аударуға шақырды және Астанада маусым айында өтетін толеранттылық және кемсітпеушілік мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі ЕҚЫҰ Конференциясы шеңберінде мұсылмандарға деген төзімсіздік пен кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі мәселелерді қарастыру ниетін қолдады.