Жаңалықтар

Осы жылдан бастап Мәскеулік Патриархаттың барлық епархияларында, шетелдіктерді қосқанда, Славяндық жазу әліппесі мен мәдениет күніне орай мерекелік іс-шаралар және құдайға құлшылық ету өткізілетін болады

Бөлісу

Тиісті жарлықты Мәскеулік және күллі Русьтің патриархы Кирилл шығарды, славяндық жазу әліппесінің негізін қалаушылар Кирилл және Мефодийға арналған дөңгелек үстел басында Баку және Каспий маңы епископы Александр хабарлады.

Бұл мейрамды 24 мамыр күні тұңғыш рет Әзірбайжанда да атап өтеді.

«Жоғары мәдениет және толеранттылық деңгейі бар мемлекетте Славяндық жазу әліппесі мен мәдениеті күнін тойлауға зор мүмкіндігі бар. Осы факторды пайдалана отырып, біз Әзірбайжанда осы мейрамды тиісті деңгейде өткізуіміз тиіс», - деп өз кезегінде Бакудегі Ресей елшісі Владимир Дорохин айтты.

Атап айтқанда, Баку славяндық университетінде славяндарды ағартушыларға арналған конференция өтеді.