Жаңалықтар

Миланның Католиктік университетінде дүйсенбі күні Мәскеулік және күллі Русьтің патриархы Кириллдің «Еркіндік және жауапкершілік:үндестік жолында» атты кітабының тұсау кесері өтеді

Бөлісу

Еңбекті Рим-католиктік шіркеуінің ірі епархиясының басы Миландық архиепископ кардинал Диониджи Теттаманци ұсынады. Күтілетін бойынша рәсімге Мәскеулік патриархаттың Сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімінің төрағасы Волоколамдық митрополит Иларион, аталмыш жоғары оқу орнының басы Лоренцо Орнаги және ММХҚИ-ның ректоры Анатолий Торкунов қатысады.

Кітаптың итальяндық аудармасын Ватиканның Баспа үйі шығарды. Оның кіріспесін Папалық кеңестің мәдениет жөніндегі президенті архиепископ Джанфранко Равази жазды, деп хабарлайды "Zenit" католиктік агенттігі.

«Еркіндік және жауапкершілік:үндестік жолында» кітабы Ресейде 2008 жылы қазіргі Орыс шіркеуінің жетекшісі Смоленск және Калининградтық митрополиттің кезінде жарыққа шықты.

Ол адамның құқығы мен еркіндігіне деген христиандық көзқарас тақырыбымен біріктірілген түрлі жылдардағы баяндамалар мен мақалалар жиынтығы түрінде дайындалған.

«Автор жетістікпен христиандық құндылықтарды қазіргі заманғы қоғам өмірінен алып тастауды көздейтін жаңа либералдық лагерьдің өкілдерімен пікір таласады. Ол жеке тұлғаның ешбір нәрсемен шектелмеген бостандығын басты тұрғыға қоятын бірыңғай мінез-құлық үлгісін түрлі мәдениет пен дәстүр өкілдеріне бойына сіңдіру талпыныстарының қауқарсыздығы мен келешексіздігін нақты көрсетеді», - Мәскеулік патриархаттың ресми сайтында шыққан хабарламасында айтылған.

Кітап кімге адамзат тағдыры немқұрайды еместердің барлығының бірлігі жолында келешек туралы ойлануға шақырады. Оның беттерінде баяндалған ойлар XXI ғасырда Шіркеуге қызмет ету келешегін айқындайды.