Діннің тигізетін ықпалын есепке алғанда Қырғызстандағы саяси үдеріс 24 мамыр күні Бішкекте дөңгелек үстел басында талқыланады деп «Дін, құқық және саясат» қырғыз зерттеу орталығы хабарлайды.
Аталмыш іс-шара Қырғызстандағы саяси үдерістерде мұсылман қауымының қатысу деңгейін анықтауға, сондай-ақ, «зайырлы мемлекет және қазіргі заманғы реалиялар негізінде дін мен саясатты үндестірудегі» біріктіруші көзқарастарды белгілеуге ұмтылады деп CA-news хабарлайды.
«Этносаралық қақтығыстың мүмкінді пайда болуына себепкер болып отырған елдегі ішкі саяси жағдай жаңа мәселенің қырын анықтайды, ондағы көптеген даулы мәселелерді шешудің басты құралы ретінде діни фактор бола алатын еді», - деп орталықтың хабарлауында айтылады.
Орталық өкілдері «өткір саяси дағдарыс, сондай-ақ, аумақтық тұтастыққа, тұрақтылық пен Қырғызстанның дамуына қауіп төндіріп отырған мемлекет қоғамындағы наразылық әлеуетінің арта түсуі кезінде, елдегі мұсылман қауымының маңызды қатысуы азаматтық қоғамды нығайтудың ықпалды механизмдерінің бірі болып қарастырылады деп есептейді.