«Өркениеттер альянсы» сіздердің жергілікті, ұлттық және аймақтық деңгейдегі міндеттемелеріңіздің толық орындалуы мақсатында сіздермен бірлесе қызмет атқаруға дайын», - деп мәлімдеді Астанада өтіп жатқан төзімділік пен кемсітпеу жөніндегі жоғары деңгейдегі ЕҚЫҰ Конференциясында сөз сөйлеген Сампайо. Қазақстан БҰҰ қамқорлығымен құрылған, құрамына 80-нен астам мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар кіретін Өркениеттер альянсы Достар тобының белсенді мүшесі болып табылады. Альянс 2005 жылы БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанның бастамасымен, Испания және Түркия премьер-министрлерінің қосымша демеушілігімен құрылған.
Сампайо, Альянстың "өзінің мүше-мемлекеттерін Альянстың төрт негізгі қызмет бағыттарын: білім беру, жастардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және көші-қон мәселелерін қамтитын, мәдениет аралық қарым-қатынастың аймақтық стратегиясының ұлттық жоспарларын әзірлеуге шақырғандығын" еске салып өтті.
"Бірлескен басымдық іс-әрекеттердің бағыты ретінде, ұлттық және аймақтық стратегияларды қоса алғанда, біз өзіміздің қатысушыларымызға ұсынып отырған осы төрт жыл ішінде жасауға болатын ұсыныстардың, нақты іс-әрекеттердің бірқатарын көрсетуге өте қуанышты боламын", - деді Альянстың Жоғары өкілі.