ТМД дінаралық кеңесі президиумының отырысы 2011 жылдың қарашасында өтеді және жекелей алғанда, еуразиялық кеңістіктегі экономикалық, саяси өмірдің және ұлтаралық қарым-қатынастарға арналады, деп хабарлады Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кирилл.
Патриарх, осы жылдың сәуір айында ТМД дінаралық кеңесі президиумы Бакуде, дінаралық саммит алдында жиналғандығын, және маңызды шешімдер қабылдағандығын еске салды.
"Біз Бакуде қабылданған шешімдердің барлығын дамытуға мүмкіндік алдық, және президиумның келесі отырысын келесі жылдың қарашасына белгіледік», - деді сейсенбі күні Мәскеуде РПЦ басшысымен бірге кеңесті басқаратын Кавказ мұсылмандары Басқармасының төрағасы шейх-уль-ислам Аллахшукюр Паша-Задемен әңгімелесу қорытындылары бойынша мәскеулік дінбасы.
РПЦ басшысының сөздері бойынша, шейхпен кездесуде «Бакуде құрылған орындау комитетінің қызметін қалай ұйымдастыру қажеттігі, осы қызметті қалайша қаржылық қолдау қажеттігі және тақырыптың қандай болуы» туралы да сөз қозғалды.
"Жекелей алғанда, бүгінгі күні адамзат тегімен не болып жатқанын діни түсінуді қолдана отырып, бірлесіп қазіргі өмірдің экономика саласында да, саясат саласында да, және ұлтаралық қарым-қатынастар саласында да оқиғаларға әрекет жасау қажеттігі туралы көп айтылды", - деп атап өтті патриарх.
Ол ТМД-ның дінаралық кеңесін «біздің еуразиялық кеңістіктегі жан-жақты діни сұхбат үшін өте тиімді іргетас болады» деп болжайды.
Оның сөздері бойынша, әңгімелесу кезінде сондай-ақ қадағалаушы немесе «қауымдастырылған мүшелер» ретінде жұмысқа қатысуға кеңес дәуірінен кейінгі кеңістіккке тиесілі емес діни көшбасшыларды шақыру мүмкіндігі талқыланды. «Біз бұл сұрақты ары қарай зерттейтін боламыз. Мұндай өтінімдер бар» ,- деп сендірді патриарх.
Оның сөздері бойынша, «қазіргі жаһанданып келе жатқан әлемде бұл дұрыс және пайымды» және «бұл сұрақ бойынша ешқандай түпкілікті теріс пікірлер жоқ».
Тараптар сондай-ақ Әзірбайжандағы православия қауымдастығының және Ресейдегі әзірбайжан-мұсылмандық қауымдастықтардың жағдайына байланысты сұрақтарды да талқылады. Кездесуге Әзірбайжанның Мәсеудегі елшісі де қатысты.
2009 жылдың қарашасында патриарх Кирилл Бакуге Аллахшукюра Паша-заденің 60-жылдығын мерекелеуге, ал осы жылдың сәуірінде - ол Әзірбайжан астанасында ұйымдастырған Діни көшбасшылардың бүкіләлемдік саммитіне келген. Саммитте ірі христиан шіркеулерінің, ислам, иудей және будда қоғамдастықтарының басшылары, және де әлемнің әртүрлі елдерінен келген индуист, сикх және синтоисттік дәстүрлердің беделді өкілдері қатысты.
Осындай кездесулердің бастамасы 2000 және 2004 жылдарда Кавказ мұсылмандары Басқармасының төрағасы қатысқан Мәскеудегі дінаралық келісімге келтіруші форумдарда салынған. Сол кездері, 2004 жылы, ТМД дінаралық кеңесі құрылды, оның қосымша төрағасы болып патриарх (ол кезде митрополит) Кирилл және Аллахшукюр Паша-заде тағайындалды.
ТМД-ның дінаралық кеңесінің Президиумы келесі қарашада жиналады
Бөлісу