Жаңалықтар

Қазақстан «Ислам конференциясы» Ұйымының төрағасы бола тұра, Батыс пен ислам әлемі арасындағы диалогты жақсартуға тырысатын болады деп мәлімдеді республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Бөлісу

«Біздің алдымызға екі ең шешуші міндет қойылған. Біріншісі – исламды дін ретінде әзәзілдеушіліксіз саяси идеология сияқты діни фундаментализмге қарсы тұруды үйрену. Екінші міндет – батыс және мұсылман әлемі арасындағы ашық әрі адал диалогты жақсарту. Қазақстанның «Ислам конференциясы» Ұйымындағы Төрағалығы осы ізгі мақсаттарға қызмет етеді», - деп айтты Назарбаев Euronews телеарнасына берген сұхбатында.
Қазақстан ИКҰ-да 2011 жылы төрағалық етеді, үстіміздегі жылы республикамыз ЕҚЫҰ-ның төрағасы болып табылады.

Президент Қазақстан егемендік жылдар бойы алуан түрлі этностар мен конфессия өкілдерінің бейбіт әрі толерантты қатар өмір сүруінің бірден-бір тәжірибесіне ие болғанын атап айтты. «Осындай сөзсіз артықшылық елімізді Батыс пен Шығыстың, Еуропа мен мұсылман әлемінің диалогына арналған ең қолайлы алаңдардың бірі болуына ықпалын тигізеді», - деп Назарбаев көз жеткізді.

«Төрағалық, аралық функцияларды орындау үшін көбінесе процесстің барлық қатысушылары әділдігіне күмәнсіз елдерді таңдайды. Сондықтан біздің шетелдік әріптестер Қазақстанды АӨСШК және ЕҚЫҰ жағдайындағы орын алғандай, ал келер жылы ИҚҰ-да болатын, азиялық және еуропалық ұйымдарда төрағалық етуге орынды үміткер ретінде қарастырады», - деп мәлімдеді.

Бұдан басқа, Астана әлемдік және дәстүрлі діндер басыларының үш құрылтайын өткізу барысында алған осы тәрізді жұмыстың мол тәжірибесіне ие деп елбасы жалғастырды.

Назарбаев әлем саясатының ең басты мәселелерінің бірі мұсылман әлемінің қалған әлеммен қарым-қатынасындағы қиыншылықтар екеніне сенімді.

Қатынас құрудың қиындықтары өзара күдіктілікте, қарама-қарсы саяси және идеологиялық өктемдік жүргізуде көрініс табады.

«Қорытындылай келгенде, барлығы әскери-саяси шиеленіске келіп тіреледі. Мұсылман әлемі батыс қауымдастығы алдында ең алдымен оның радикалды бөлігімен байланыстырылып, қорқыныш сезімін тудырады. Ең бастысы - себептерді түсіне отыра, осы қиындықтардың алдын алудың нақты жолдарын ұсыну», - деп атап айтты.