2025 жылғы 25 қыркүйекте Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанда тіркелген діни бірлестіктер өкілдері жиналысының отырысы өтті. Іс-шараға Дін істері комитетінің төрағасы Ә. Хатиев, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогтың халықаралық орталығының Басқарма Төрайымы Г. Қожабай, сондай-ақ еліміздегі барлық діни конфессиялардың жетекшілері қатысты.
Отырыс барысында Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің қорытындылары шығарылды. Съездің ұйымдастырылу деңгейі мен маңыздылығы жоғары бағаланды. Қатысушылар мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, еліміздегі дәстүрлі құндылықтар мен рухани келісімді нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде Ә. Хатиев Съезге белсене қатысқандары үшін барлық конфессия өкілдеріне алғысын білдіріп, олардың этностық және діни айырмашылықтарына қарамастан бірлігі бүкіл әлемге рухани келісімнің үлгісі болып саналатынын атап өтті. Сондай-ақ, діни бірлестіктердің өкілдері қоғамдағы тұрақтылық пен үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін рухани дәстүрлерді сақтау мен дамытудың аса маңызды екенін ерекше атап өтті.
Орталықтың Басқарма Төрайымы Г. Қожабай, өз сөзінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінде қабылданған қорытынды құжат «Астана бейбітшілік декларациясы 2025» идеялары мен міндеттері туралы, сондай-ақ оны жүзеге асыратын Орталықтың алдағы жұмысымен жан-жақты таныстырды.
Ресми бөлім аяқталғаннан кейін қатысушыларға Бейбітшілік және келісім сарайындағы музейге экскурсия ұйымдастырылды. Онда олар «Турин Кебіні» және «Қасиетті кітаптар» көрмелерімен танысты.