Жаңалықтар

Рим Папасы Астанадағы Орыс православиелік шіркеуіне (ОПШ) қасиетті Андрей Первозванныйдың шірімей сақталған мәйітінің бөлшегін тарту етеді

Бөлісу

Рим Папасы Бенедикт XVI Орыс православие шіркеуіне қасиетті Андрей Первозванныйдың шірімей сақталған мәйітінің бөлшегін тпрту етеді деп хабарлайды Новости Ресей ақпараттық агенттігі (РАА), австриялық Kathpress анеттігіне сілтеме жасай отырып.

Орыс Православие Шіркеуінің (ОПШ) Қазақстандағы митрополия округіне арнап әулиенің шірімей сақталған мәйіті салынған қобдиды Астанаға католиктер иерархиясындағы Пападан кейінгі екінші тұлға – Қасиетті Престолдың хатшысы кардинал Таряизио Бертоне жеткізеді.

Сыйды тапсыру салтанаты қасиетті Андрей Первозванныйды еске алу күні – 30 қарашада Астанадағы Успенский кафедралдық соборында өтеді. Онда православие тарапынан митрополиттік округтің басшысы митрополит Александр епископатпен, ал католиктік тараптан – Қасиетті Престолдың мемлекеттермен қатынасы бойынша хатшы архиепископ Доминик Мамберти, Қазақстан мен Орта Азиядағы апостол нунциі архиепископ Мигель Маури Буэндиа, Қазақстанның католиктік епископтары қатысады. Салтанатқа еліміздің мемлекеттік билік өкілдері қатысады деп күтілуде.

Сарапшылар соңғы жылдары Қазақстанда православиеліктер мен католиктердің ара қатынасы елеулі түрде жақсарғанын атап өтеді.

16 миллион құрайтын Қазақстан халқының арасында мұсылмандар саны басым (республиканың Статистикалық агенттігінің мәліметтері бойынша исламды уағыздаушылар 70%). Христиандар 26%, олардың басым бөлігі өздерін ОПШ-не жатқызады.

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Патриарх Кирилл дәріптеу рәсімін өткізген Астанадағы Успенский кафедралдық соборы Орта Азиядағы ең үлкен христиан храмы болып табылады. Оның биіктігі – 68 метр, ауданы – екі мың шаршы метр. Соборда бір мезгілде төрт мыңға дейін діндарлар мінәжат ете алады.