Қазақстандық делегация құрамында іс-шараға СІМ және Дін істері жөніндегі комитет өкілдерімен қатар, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының құрылтайы Хатшылығының қызметкері Г.Сыздықбеков қатысты.
Барлығы Кеңеске қатысушы мемлекеттер делегацияларының, халықаралық және ҮЕҰ-дың өкілдерін қосқанда 200-ден астам адам қатысты.
Форум барысында ар-ождан және дін тұтыну бостандығын қамтамасыз ету мәселелері, осы саладағы міндеттемелерді жүзеге асыру жолындағы проблемалар мен кедергілер, діни білім алу, сондай-ақ, дінді орындау және нанымдарды діни нышандар арқылы тарату проблемалары бойынша кең пікір алмасу өткізілді.