Жаңалықтар

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

Бөлісу

Мәскеулік хорал синагогасында ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Қайрат Лама Шариф Еуропалық раввиндер конференциясының ПрезидентіМәскеудің Бас раввині Пинхас Гольдшмидтепен кездесті. 

Кездесу барысында Пинхас Гольдшмидтке Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының IV съезіне ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, Съезд хатшылығының Басшысы Қайрат Мамидің атынан шақыру табыс етілді.

Мәскеудің Бас раввині Қазақстанда дінаралық келісім мәселелеріне қатысты жүзеге асырылып жатқан саясатқа жоғары баға бере отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің ішінде, сондай-ақ, әлемдік деңгейде конфессияаралық бейбітшілікті сақтаудағы жоғарғы рөлін ерекше атап өтті.