Жаңалықтар

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

Бөлісу

Мәскеуде ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Қайрат Лама Шариф Православ Парламентаралық Ассамблеясының ПрезидентіРесей Федерациясы Мемлекеттік Думаның депутаты Сергей Поповпен кездесіпү.жмамыр айында елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының IV съезіне ҚР Парламенті Сенатының ТөрағасыСъезд хатшылығының Басшысы Қайрат Мамидің атынан ресми шақыруды табыс етті.

Шақыру хатын қабылдай отырып, Сергей Попов: «2007 жылы Астанада Бас Ассамблеяның ППА отырысын өткізгенде оның тақырыбы «Дінаралық диалог халықтардың бейбіт және әділетті қатынастарының факторы ретінде» деп таңдалған болатын, бұл дінаралық байланыс мәселелерінде Қазақстан өзінің жоғарғы беделін тағы растады», – деп атап өтті.

Сонымен қатар Дін істері агенттігінің Төрағасы Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінінің өкілдерімен кездесіп, РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары, Діни бірлестіктер мәселелері бойынша комиссия мүшесі Григорий Карасинге де Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының IV съезіне шақыру хатын табыстады.