Жаңалықтар

БАҚ үшін хабар

Бөлісу
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі Хатышылығының Басшысы Қ.Мәмигеге жолдаған хатында Қасиетті Престол Бас Хатшысының жалпы істер бойынша Орынбасары, Аса Қасиетті тақсырархиепископ Джованни Анджело Беччу Қасиетті Рим Папасы атынан әлемде діндер диалогын орнатқандығы және әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV Съезін табысты өткізгендігі үшін аса ризашылық білдірді.
Бұдан басқа, Президент Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Діндер көшбасшылары кеңесінің маңыздылығы атап көрсетілді.
Хатта көрсетілгендей, Католиктік шіркеу атынан бұл органға Дінаралық диалог бойынша Папа Кеңесінің Президенті Қасиетті тақсыр Кардинал Жан-Луи Торан кіретін болады.
 
Бұдан бұрын Бүкіләлемдік Ислам Лигасының Бас Хатшысы Абдулла бен Абдель Мухсин Ат-Турки өз хатында IV Съездің жоғары деңгейде өткендігін және жаһандық дінаралық диалогтың алға жылжуына ықпал еткендігін атап өткен болатын.