«Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕАҚ парақорлықпен күрес менеджменті жүйесінің ISO 37001:2025 халықаралық талаптарына сəйкес келетінін растайды.
2026 жылғы 9–10 шілдеде өткізілген қайта сертификаттау аудиті Орталықтың менеджмент жүйесінің жаңартылған халықаралық стандарт талаптарына толық сәйкес келетіндігін растады. Сертификат Орталықтың парақорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл менеджменті, сондай-ақ дінтану саласындағы зерттеу және сараптама қызметін қамтиды.
Бұл Орталық үшін парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін дәйекті түрде дамыту, ішкі үдерістерді жетілдіру, сондай-ақ адалдық, ашықтық және жауапты басқару қағидаттарын нығайту жолындағы маңызды кезең болып табылады.
ISO 37001:2025 халықаралық стандарты талаптарына сәйкестіктің қайта расталуы Орталықтың өз қызметінде халықаралық озық стандарттарды ұстануға, сондай-ақ парақорлықтың алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың тиімді тетіктерін жүйелі түрде жетілдіруге деген ұмтылысын айқын көрсетеді.