Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жаңалықтар

Өзбекстан Халықаралық ислам академиясы делегациясымен кездесу өтті

Бөлісу

2026 жылғы 9 сәуірде Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Өзбекстан Халықаралық ислам академиясы (әрі қарай – ӨХИА) оқытушылары мен студенттерінен тұратын делегацияны қабылдады. 

Кездесу барысында Қазақстан тарапынан Орталықтың қызметі таныстырылып, Орталықты Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі мен Хатшылық жұмысының негізгі институционалдық платформасы ретінде, сондай-ақ климат және жасанды интеллект салалары да кіретін өзекті халықаралық бастамаларды әзірлеу аясындағы қызметі ретінде сипаттады.

Кездесуде Орталықтың Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық саясатқа сараптамалық-талдамалық қолдау көрсететін бірден-бір құрылым ретіндегі бірегей рөлі атап өтілді.

Өзбекстан Халықаралық ислам академиясы делегациясы дінтану,  исламтану және дін психологиясы бойынша пәнаралық бағдарламалардың дамуын, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты, академиялық ұтқырлықты, радикалданудың алдын алуға және конфессияаралық диалогты нығайтуға бағытталған ғылыми жобаларға қатысуды атап өтіп, Академияның білім беру және ғылыми қызметін таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ортақ жұмыс барысын кеңейту және дінаралық диалог саласындағы тәжірибе алмасуды қоса алғанда, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделі екендіктерін растады.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар конфессияаралық диалог саласындағы ортақ мүддені кеңейту және тәжірибе алмасуды, сондай-ақ, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара қызығушылық танытқанын растады.