Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жаңалықтар

Орталық Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі Дикастериясымен өтетін Екінші бірлескен коллоквиумға дайындық аясында онлайн-кездесу өткізді

Бөлісу

2026 жылғы 6 наурызда онлайн форматта Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі Дикастерияның Екінші бірлескен коллоквиумға дайындық аясында кездесу өтті. Кездесу Халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог орталығы Басқарма төрағасы Гүлсана Қожабай мен Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі Дикастериясының мұсылмандармен діни қатынастар бөлімі басшысы әкей Лоран Басанезенің жетекшілігімен өтті. Сондай-ақ кездесуге Орталық пен Дикастерия қызметкерлері қатысты.

Кездесу Екінші бірлескен коллоквиумды дайындаудың мазмұндық және ұйымдастырушылық мәселелерін талқылауға арналды. Әңгімелесу барысында тараптар алдағы кездесудің басым тақырыптық бағыттарын, сондай-ақ биыл Астана қаласында өтуі жоспарланған іс-шараны ұйымдастырудың практикалық мәселелерін қарастырды.

Тараптар бейбітшілік, өзара түсіністік және жаһандық жауапкершілік сияқты ортақ құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған нәтижелі, тұрақты және ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға өзара мүдделілігін растады.