2026 жылдың 19 қаңтарында Басқарма төрайымының орынбасары Бауыржан Бакиров Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі ЕҚЫҰ бюросының Дін немесе сенім бостандығы сұрақтары бойынша маманы Делия-Луиза Нитамен кездесуі өтті. Кездесуге Орталықтың діни ахуалды талдау, дінтану сараптамасы және зерттеулерімен айналысатын департаменттерінің қызметкерлері де қатысты.
Кездесу барысында Төраға орынбасары қонақтарды Халықаралық Орталықтың құрылу тарихымен, қызметімен, сондай ақ, Орталық құрылымдары, департаменттерінің негізгі жұмыс бағыттарымен таныстырды.
Сонымен қатар, Бауыржан Бакиров Қазақстандағы діни сенім бостандығын қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәселелері, сонымен қатар конфессияаралық диалогты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Аталған бағыттар бойынша Орталықтың ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетімен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асырып жатқан қызметтеріне нақты мысалдар келтірілді.
Өз кезегінде, Делия-Луиза Ницэ дін немесе сенім бостандығына қатысты өзекті тақырыптарды талқылау, болашақта бірлескен жұмысқа негіз болатын басым бағыттар мен негізгі стейкхолдерлерді айқындау сынды мәселелерді атай келе, қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттеріне арналған онлайн курстың мазмұны мен мүмкіндіктеріне тоқталды.
Сондай ақ, кездесу барысында Делия-Луиза Ницэ дін немесе сенім бостандығы мен қауіпсіздік мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарына деген сұраныс дәрежесіне қызығушылық танытты. Осы бағыттағы Орталықты қызықтыратын мәселелер ортаға салынып, өзекті сұрақтар бойынша пікір алмасу өтті.
Кездесу сындарлы және қызметтік жылы сарында өтті, іс-шара соңында ЕҚЫҰ өкілі Делия-Луиза Ницэ Орталық қызметкерлеріне мазмұнды талқылау үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендерін жеткізді.