Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жаңалықтар

Гүлсана Қожабай мен Раван Гасановтың екіжақты кездесуі

Бөлісу

18 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі аясында Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының басқарма төрайымы Гүлсана Қожабай мен Баку халықаралық мультикультурализм орталығының атқарушы директоры Раван Гасанов арасында маңызды екіжақты кездесу өтті. Кездесу барысында екі ұйым арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуді білдіретін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Бұл қадам екі тараптың конфессияаралық және мәдениетаралық диалог саласындағы серіктестік қатынастарын одан әрі дамытуға және нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді. Аталған құжат бейбітшілік, келісім және халықаралық аренада ынтымақтастық құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асырудағы маңызды кезең болды.