Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жаңалықтар

VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі аясындағы Эксперттік дөңгелек үстел «Бүгінгі мәдениетаралық және дінаралық диалог»

Бөлісу

2025 жылғы 18 қыркүйекте Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі аясында «Қазіргі таңдағы мәдениетаралық және дінаралық диалог» тақырыбында эксперттік дөңгелек үстел өтті. Іс-шара жаһандық сын-қатерлер жағдайында діни дипломатияны ғылыми-сараптамалық тұрғыда зерделеуге арналды.

Қазіргі әлем қақтығыстар мен көші-қоннан бастап климаттың өзгеруі мен цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына дейінгі күрделі сын-қатерлердің артуымен бетпе-бет келіп отыр. Осындай жағдайда рухани лидерлердің, ғалымдар мен сарапшылардың күш-жігерін біріктіру, өзара келісілген тәсілдер арқылы жаһандық өзекті мәселелерді шешудің маңыздылығы бұрынғыдан да айқын көрініс табуда.

Іс-шараның мақсаты – дінаралық диалогқа ғылыми тәсілді интеграциялау мүмкіндіктерін талқылау, сондай-ақ діни ұйымдар, академиялық орта мен сараптамалық құрылымдар арасындағы әріптестікті дамыту болды.

Дөңгелек үстел жұмысына халықаралық қатынастар, цифрлық этика, үйлесімді даму, діни дипломатия және гуманитарлық ынтымақтастық сияқты салаларда жұмыс істейтін әлемнің жетекші университеттері мен зерттеу орталықтарының өкілдері қатысты. Шара барысында пәнаралық зерттеулер, талдамалық тәсілдер мен дінаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтуға бағытталған практикалық ұсыныстар әзірлеу мәселелері басты назарда болды.

Талқылау қорытындысы бойынша қоғамға қызмет ету және жаһандық өзара түсіністікті нығайту мақсатында ғылыми және діни білімді біріктіретін ұзақмерзімді платформа құру ұсынылды. Дамудың ықтимал бағыттарының бірі ретінде Oxford, Harvard, Yale, Georgetown, LSE, Tufts, Groningen, Bar-Ilan университеттерінің жанындағы дінаралық орталықтармен, сондай-ақ рухани дипломатияға маманданған жеке зерттеушілермен ынтымақтастық орнату мүмкіндігі қарастырылды.

Дөңгелек үстел Съездің ғылыми негізделген және практикалық тұрғыдан қолдануға болатын шешімдер арқылы диалог аясын кеңейтуге бағытталған жаңа мазмұндық бағытын дамыту жолындағы маңызды қадамға айналды.