Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жаңалықтар

Орталықтың Басқарма төрайымы Гүлсана Қожабай Патрик Киоронмен кездесті

Бөлісу

Астанада Дінаралық және конфессияаралық диалог жөніндегі халықаралық орталықтың Басқарма төрайымы Гүлсана Қожабай мен «Иса мәсіхтің соңғы замандағы әулиелері» Шіркеуінің Он екі Апостол Қауымының мүшесі Патрик Киорон арасында екіжақты кездесу өтті.

Тараптар дінаралық ынтымақтастықты дамыту, жалпыадамзаттық құндылықтарды ілгерілету, рухани қызмет пен әлеуметтік жауапкершілік салаларындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

«Иса мәсіхтің соңғы замандағы әулиелері» Шіркеуі бүкіл әлем бойынша гуманитарлық бастамаларға белсенді қатысып, отбасы, адалдық, қызмет ету және өзара көмек көрсету құндылықтарын насихаттайды. Аталған басымдықтар өзара диалогты, құрмет пен төзімділікті арқау еткен Қазақстанның бейбітшілік пен келісім моделімен үндеседі.

Патрик Киорон да өзге көптеген қатысушылар секілді Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына тәнті болғанын білдірді.