Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының (ICIID) Басқарма Төрайымы Гүлсана Қожабай «Сока Гаккай Интернешнл» (SGI) ұйымының халықаралық қатынастар жөніндегі атқарушы директоры Йошиюки Нагаока келіссөздер өткізді. Кездесу Біріккен Ұлттар Ұйымының Өркениеттер Альянсы аясында өткен Діни нысандарды қорғауға арналған Арнайы сессия шеңберінде өтті.
«Сока Гаккай Интернешнл» ұйымының халықаралық қатынастар жөніндегі атқарушы директоры Йошиюки Нагаока Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жаһандық дінаралық диалогқа қосқан маңызды үлесін, сондай-ақ Қазақстан мен Жапонияның дінаралық және мәдениетаралық диалогты дамытудағы ұстанымдарының ұқсастығын атап өтті. Ол Съезд ұйымдастырушыларына алғысын білдіріп, қолдауын жеткізді.
Кездесу барысында тараптар білім беру, конфессияаралық және мәдениетаралық диалог идеяларын бірлесіп ілгерілету, мәдени алмасу және жастардың қатысуы сияқты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Сондай-ақ халықаралық алаңдар аясында және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қызметі шеңберінде бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері сөз болды.
Гүлсана Қожабай «Сока Гаккай Интернешнл» ұйымының бейбітшілік мәдениетін, зорлық-зомбылықты болдырмауды және жаһандық ағартушылықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ICIID пен SGI күш-жігерінің синергиясы гуманитарлық диалогты тереңдету мен дінаралық түсіністікті нығайтудың маңызды қадамы бола алатынын атап өтті.