Жаңалықтар

АҚШ-тың Діни бостандық жөніндегі халықаралық комиссиясы (USCIRF) Астанада діни ахуал мәселелерін талқылады

Бөлісу

2025 жылғы 25 маусымда АҚШ-тың бостандық жөніндегі халықаралық комиссиясының (USCIRF) төрағасы В. Хартцлер бастаған делегация Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығына ресми сапармен келді. 

Кездесуге Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Басқарма Төрағасының м.а. Марат Қалижанов жетекшілік етті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істері мен Мәдениет және ақпарат министрліктерінің өкілдері қатысты.

АҚШ делегациясының Қазақстанға келу мақсаты – еліміздегі діни ахуалдың жай жапсарын анықтап, конфессияаралық келісімді нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды қадағалау.

Кездесу барысында Орталық қызметінің негізгі бағыттары мен Қазақстанның дінаралық диалогты ілгерілетудегі тәжірибесі баяндалды. Сондай-ақ, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған еліміздегі діни сауаттылықты арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Халықаралық серіктестік жобалары аясында тараптар өз ұстанымдарын ортаға салып, діни бостандықты қамтамасыз ету, өзара құрмет пен толеранттылық мәселелерін талқылады.

Кездесу нәтижесінде АҚШ тарапы Қазақстанның конфессияаралық келісім мен діни бостандықты нығайтудағы жұмыстарына оң көзқарасын білдіріп, алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің табысты өтуі үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін растады.