Жаңалықтар

Діни лидерлердің жаһандық тұрақтылықты нығайтудағы рөлі: Онлайн конференция қорытындысы

Бөлісу

2025 жылғы 21 мамыр күні Астана уақытымен сағат 15:00-де ZOOM платформасында «Әлемнің тұрақты дамуындағы діни көшбасшылардың рөлі» атты халықаралық онлайн конференциясы өтті.

Конференцияның басты мақсаты – әлемдегі қақтығыстардың алдын алу және бейбітшілікті нығайту жолында діни көшбасшылардың рөлін талқылау, оны күшейту, сондай-ақ көпжақты диалогты дипломатиялық жолмен шешуге бағыттау болды.

Дөңгелек Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Әнуар Хатиев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Әл-Азхар Ислам зерттеу академиясының Бас хатшысы Мухаммед әл-Джинди, Дүниежүзілік ислам лигасының конференциялар және іс-шаралар жөніндегі Бас директоры Салах әл Адуани, Халықаралық дінаралық диалог орталығының төрағасы Профессор Ибрахим Салех Әл Наими секілді басқа да халықаралық діни көшбасшылар мен сарапшылар қатысты.

Конференция барысында қатысушылар әлемдік тұрақтылықты сақтаудағы діни лидерлердің ықпалы мен  бүгінгі дінаралық диалог пен ынтымақтастықтың маңызын жан-жақты талқылады. Сонымен қатар, онлайн кездесуде алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің аясында көтерілетін негізгі мәселелер де қарастырылды.

Жиын «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» Басқарма Төрағасының м.а. Марат Уәлиханұлы Қалижановтың  модераторлығымен өтті.

Іс-шарада қазақ, орыс, ағылшын және араб тілдерінде синхронды аударма жасалды.