Жаңалықтар

Халықаралық орталықта Иран Ислам Республикасының өкілімен кездесу өтті

Бөлісу

2025 жылғы 15 мамырда Астана қаласында Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Марат Қалижанов Иран Ислам Республикасының Мәдениет және байланыс жөніндегі Ислам ұйымы жанындағы Құран зерттеулері халықаралық орталығының басшысы Сейед Мостафа Хоссейни Нейшабуримен кездесті.

Кездесу аясында тараптар дінаралық диалогты ілгерілету, рухани дипломатияны дамыту және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Сейед Мостафа Хоссейни Нейшабури Қазақстанның конфессияаралық келісім саласындағы жетістіктерін жоғары бағалап, еліміздің тәжірибесін жаһандық дінаралық дипломатияда үлгі ретінде атап өтті. Сонымен қатар, Иран тарапы Халықаралық орталық ұйымдастырған «Бірлік және келісім» көрмесін аралап, этносаралық татулық пен рухани бірлікке арналған экспозициямен танысты.

Өз сөзінде М. Уәлиханұлы Қазақстанның жаһандық бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайту бағытындағы бастамаларына, атап айтқанда, биылғы жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің негізгі тұжырымдамасына тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша Сейед Мостафа Хоссейни Нейшабури Орталықпен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендігін айтып, өзара түсіністік туралы меморандум жасасу ұсынысын білдірді. Тараптар өзара тиімді серіктестікті дамытып, халықаралық деңгейде дінаралық келісімді нығайтуға ниетті екенін растады.