Жаңалықтар

Қазанда "Ресей — Ислам әлемі: KazanForum" халықаралық форумы өтті

Бөлісу

2025 жылғы 14 мамырда Қазанда «Ресей — Ислам әлемі: KazanForum» XVI Халықаралық экономикалық форумы басталды. Форум аясында «БРИКС елдері діни ұйымдарының дәстүрлі құндылықтарды сақтау мен нығайтудағы өзара іс-қимыл әлеуетін дамыту» атты онлайн-дөңгелек үстел өтті.

Аталған шара Ресей Федерациясы Қоғамдық палатасының ұлтаралық, дінаралық қатынастар және көші-қон жөніндегі комиссиясы Татарстан Республикасының Қоғамдық палатасымен бірлесіп ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысына Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының Басқарма Төрағасының м.а. М. Қалижанов пен Басқарма Төрағасының кеңесшісі Болат Сарсенбаев қатысты. Өз сөзінде Сарсенбаев мырза Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін өткізудегі елеулі тәжірибесін атап өтіп, Орталықтың жаһандық дінаралық диалогты қолдау мен ілгерілетуге негізделген қызметінің негізгі бағыттарын айқындады.

Пікірталас барысында БРИКС елдерінің діни ұйымдарының өкілдері мен сарапшылары дәстүрлі құндылықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және құнды тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін жан-жақты талқылады.