Жаңалықтар

Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесу

Бөлісу

2025 жылғы 2 мамырда Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Басқарма төрағасының м.а. Марат Қалижанов Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Рагим оглы Атамоглановпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Әзербайжанның дінаралық және мәдениетаралық диалогты дамытуға қосып жатқан үлесін, сондай-ақ Орталық пен Әзербайжан тарапымен ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

Елші Атамогланов Әзербайжан Елшілігінің Қазақстанда өткізілетін іс-шараларға белсенді түрде қатысуға дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол Орталықтың бастамаларын, оның ішінде алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне дайындықты қолдайтынын білдірді.

Кездесу соңында тараптар өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екендерін білдіре отырып, алдағы уақытта бірлескен жобалар мен іс-шараларды ұйымдастыруға дайын екендерін жеткізді.