Жаңалықтар

2025 жылдың 23 сәуірінде Дінтану зерттеулер департаментінің директоры Липина Татьяна «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» медалімен марапатталды.

Бөлісу

2025 жылдың 23 сәуірінде Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының Дінтану зерттеулер департаментінің директоры Липина Татьяна Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі Жарлығы бойынша, конфессияаралық және қоғамдық келісімге қосқан үлесі үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Аталған марапат – Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойына орай мемлекет тарапынан еліміздегі ұлтаралық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарға берілетін жоғары марапаттардың бірі. Липина Татьяна ұзақ жылдар бойы дінаралық диалог, діни сананың заманауи дамуы мен толеранттық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне арналған ғылыми жобалармен айналысып келеді. Оның жетекшілігімен Орталықта жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары халықаралық және отандық деңгейде жоғары бағалануда.

Орталық ұжымы әріптесімізді лайықты марапатымен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейді!