Жаңалықтар

«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасын» тарату.

Бөлісу

2025 жылдың 28 ақпанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасының» негізгі ережелеріне арналған дәріс өтті. Шараны университеттің мамандандырылған кафедраларының қолдауымен Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы ұйымдастырды.

Дәріс университеттің студенттері мен қызметкерлерін, сондай-ақ барлық қызығушылық танытқан тыңдаушыларды Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін одан әрі дамытудың негізгі идеялары мен стратегиялық бағыттарымен таныстыруға арналған. Дәрісте Съездің дінаралық және конфессияаралық диалогты нығайтудағы, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімнің жаһандық мәдениетін ілгерілетудегі рөлі атап өтілді.