2024 жылдың 29 қараша күні Конфессияаралық және дінаралық диалогтың Халықаралық Орталығының және Баку халықаралық мультимәдениет Орталығының ұйымдастыруымен «Әлемнің тұрақты дамуындағы дін лидерлерінің ролі» тақырыбында онлайн дөңкелек үстел өтті.
2024 жылдың 29 қараша күні Конфессияаралық және дінаралық диалогтың Халықаралық Орталығының және Баку халықаралық мультимәдениет Орталығының ұйымдастыруымен «Әлемнің тұрақты дамуындағы дін лидерлерінің ролі» тақырыбында онлайн дөңкелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің өкілдері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіне қатысушылар, этномәдени орталықтардың, ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – шара аясында дінаралық диалогтың одан әрі нығаюы, әлемнің тұрақты дамуындағы діни лидерлері рөлінің маңыздылығы еді.
Өзінің алғысөзінде Орталықтың Басқарма Басшысының мінетін атқарушы Д.Есенова дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығын қоштап, конфессияаралық келісімнің нығаюына қосқан үлестері үшін алғыс айтты. Сонымен қатар, Съезд Хатшылығының XXII отырысының қорытындысы және бірінші Жас діни лидерлер форумының ерекшеліктері туралы айтып өтті.
Ал өз кезегінде Баку Баку халықаралық мультимәдениет Орталығының кеңесшісі Айтен Гахраман көпғасырлық төзімділікке негізделген, сонымен қатар ар еркіндігі мен әртүрлілікке құрметпен қарау тәсілін қолдайтын дін саясаты сүйенетін мультимәдениеттің айрықша рөлі туралы және Әзірбайжан үкіметінің мәдениетаралық және дінаралық диалогты қолдау бастамалары жайлы баяндады.
Дөңгелек үстел барысында Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Ислам өркениеті орталығы директорының орынбасары Фирдавс Халимов сөз сөйледі: «қазіргі көпполярлы әлемде мәдениетаралық келісім жолында және жалпы адамзаттық құндылықтарды, мәдениеттер арасындағы диалог пен өзара түсіністікті нығайтудың стратегиялық маңызды рөлі бар. Сондай-ақ соңғы жылдары Орталық Азия елдері арасында тату көршілік, достық және өзара тиімді қарым-қатынастардың қарқынды дамуы байқалады. Выведение многопланового межрегионального сотрудничества на качественно новый уровень отвечает долгосрочным интересам наших братских народов, а также будет служить важным фактором в обеспечении мира, стабильности, безопасности и устойчивого развития в Центральной Азии. Көпқырлы өңіраралық ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығару бауырлас халықтарымыздың ұзақ мерзімді мүдделеріне жауап береді, сонымен қатар Орталық Азиядағы бейбітшілікті, тұрақтылықты, қауіпсіздікті және тұрақты дамуды қамтамасыз етудің маңызды факторы болады» деп пікір білдірді.
Жалпы, сарапшылар әлемдік және дәстүрлі діндер арасындағы жаһандық диалогты дамытудағы елдердің халықаралық бастамаларының маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ елдер дінаралық қарым-қатынасты нығайтуға көмектесуі керек деген пікірді алға тартты.
Халықаралық онлайн конференцияның қорытындысы бойынша қатысушылар дінаралық диалогты нығайту бойынша одан әрі жемісті, ынтымақты жұмыс істеуге келісімге келді. Соның ішінде, «Діндер диалогы: болашақ үшін синергия» тақырыбында 2025 жылдың күзінде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қарсаңында ынтымақты серіктес болды.