Жаңалықтар

Н.Назарбаев орталығы «Ресей-ислам әлемі: «KazanForum – 2024» атты XV Халықаралық экономикалық саммитке қатысты

Бөлісу

А.ж. 16-17 мамырында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының кеңесшісі Болат Сәрсенбаев Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында өткен «KazanForum – 2024» XV Халықаралық экономикалық форумына қатысты.

Іс-шараға 87 елден 20 мыңнан астам қатысушы, оның ішінде 40 дипломатиялық миссия қатысты. Форум бірнеше тақырыптық тректерді біріктірді: халықаралық ынтымақтастық, туризм, бизнес, ғылым және технология, исламдық қаржы және инвестициялар, спорт, халал индустриясы және басқалар.

Соның ішінде, форум аясында Орталық кеңесшісі Ресей мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы, мүфтий Равиль Гайнутдиновпен, Татарстан мұсылмандар діни басқармасының орталықтандырылған діни ұйымының төрағасы, мүфтий Камил Хазірет Самигуллинмен және Исламабадтағы стратегиялық зерттеулер институтының бас директоры, Елші Сохаил Махмудпен және басқа да қатысушылармен «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын» ілгерілетуге бағытталған сұрақтар бойынша бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.