2024 жылдың 15 мамырында бейнеконференц байланыс форматында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы мен Еуразияның еврей қауымдастықтарын қолдау жөніндегі Ұлттық коалициясы (АҚШ) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандумға қол қоюдың мақсаты дінаралық диалогты дамыту саласында өзара ынтымақтастықты жүзеге асыру, ақпарат, тәжірибе алмасу, бірлескен жобалар мен іс-шараларды іске асыру, «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын» ілгерілетуге бағытталған өзара қызығушылық тудыратын кездесулер, форумдар мен конференциялар ұйымдастыру болып табылады.
Онлайн кездесу барысында тараптар осы Меморандумға қол қою халықаралық деңгейде мәдениеттер, діндер мен өркениеттерді жақындастыру жөніндегі миссияны бірлесіп іске асыруға серпін беретінін атап өтті.
Сондай-ақ, халықаралық аренада бейбітшілік пен келісім идеяларын ілгерілетуде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі мен «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасының» маңыздылығы мен ерекше рөлі атап өтілді.
Анықтама: Коалиция еврей халқының құқықтары мен қорғалуын қамтамасыз ететін ірі 4 америкалық ұйымның бірі. 50-ге жуық ұлттық ұйымдар мен 300-ден астам жергілікті еврей федерациялары мен қауымдастықтарын біріктіреді.
Исполнительный Вице-Председатель, Главный Исполнительный Директор Коалиции Марк Б.Левин принимал участие в работе VI и VII Съездов лидеров мировых и традиционных религий.
Коалицияның Атқарушы Вице-Төрағасы, Бас Атқарушы Директоры Марк Б.Левин Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI және VII Съездерінің жұмысына қатысты.