Жаңалықтар

Еліміз үшін, бүкіл әлем үшін ең ұлы және қасиетті мереке – Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

Бөлісу

Бұл күні біз болашақ, бейбітшілік пен тұрақтылық үшін өз өмірін қиған жандардың барлығын еске аламыз. Келесі жылы біз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтетін боламыз.

Мемлекет басшысы әрқайсымыз үшін елеулі күнге ауқымды дайындықты бастауды тапсырды. Президенттің тапсырмасы бойынша бүкіл ел бойынша елдімекендер, объектілер мен көшелердің атауларында ардагерлерді ұлықтау тәжірибесі жалғасатын болады.