Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміз бойынша "Таза Қазақстан" жалпыұлттық науқаны өтіп жатқаны белгілі. Бүгін соның аясында ұйымдастырылған сенбілікке қатысып, экологиялық акцияға Н.Назарбаев орталығы үлесін қосты.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде қоршаған ортаның жай-күйі ортақ жауапкершілік екенін айтты. Сондықтан бұл ретте әр азаматтың белсенділігі аса маңызды.
Президентіміз атап өткендей, мұндай жобалар қоғамда экология мәдениетін қалыптастырып, табиғатты аялау қағидасын дәріптеуге ықпал етеді.