Жаңалықтар

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ - ДІНИ ЭКСТРЕМИЗММЕН БАСТЫ КҮРЕС

Бөлісу

Ел тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары қоғам өмірінде діннің рөлі ерекше мәнге ие болды. Діннің мәртебесі мен беделі көтеріліп, дінге сенушілердің саны арта бастады. Сонымен бірге терроризм мен экстремизмге үгіттейтін күштер мен көптеген жат ағымдардың да тарап кеткені белгілі. Жетпіс жыл атейстік қоғамда өмір сүріп, енді ғана бойын тіктеген қазақ жеріне деструктивті діни ағымдардың қаптап кетуінің бірнеше факторлары бар.

1992 жылдың 15 қаңтарында алғаш рет қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заң сонымен бірге, 1995 жылғы қабылданған «Әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар» заңында, әр адамның қай дінге сенуге құқығы бар екендігі нақты айтылған. Өкінішке орай осы қабылданған заңнан кейін сан түрлі керағар діни топтар қоғамға тарай бастады. Ол діни топтардың арасында шетелдік миссионерлер де жетерлік еді. Бұнымен қоса діни білім іздеген қазақстандықтардың таяу шығыстағы мұсылман мемлекеттеріне кете бастады дәл сол кезеңдерде шетелдік діни оқу орындарының қандай бағытта білім беретіндігі ескерілмеді. Бұл уақытта мұсылмандықты, діни догмаларды қатаң ұстанатын мемлекеттерде діни алауыздықтар мен дін атын жамылған лаңкестік әрекеттер қатты жүріп жатты деуге болады. Осындай елдерден діни білім алған қазақ жастары Қазақстан азаматтарының діни ұстанымдарынан өзгеше дәстүрлі емес діни бағыттарға кетіп үлгерген еді. Бұл өз кезегінде ел ішіндегі тыныштық пен тұрақтылықтың бұзылуына діни алауыздықтың белең алыуына алып келді.

Қазіргі уақытта әлемнің барлық мемлекеттерінде діни экстримизм мен терроризмге қарсы күрес белсенді түрде жүріп жатыр. Қазақ жерінде дін атын жамылған соның ішінде ислам дінін бүркеленген деструктивті ағымдардың алдын алу кезек күттірмеитін мәселеге айналып отыр.

Ал қазіргі ислам атын жамылып келіп жатқан діни ағымдардың негізгі көздеген мақсаты еліміздің тыныштығын бұзу, тұрақтылығымызға ірткі салу мұндай ағымдардың жетегінде жүрген, және кіріп кетіп жатқандары да қаншама.

Жастардың деструктивті діни ағымдардың шырмауына түсуінің негізгі үш себебін атап көрсетуге болады.

Біріншіден, жалпы қоғамда діни сауаттылықтың әлсіз болуы.

Екіншіден, жағдайы нашар отбасыларды материялдық тұрғыдан қамтамасыз етеміз деген уәде арқылы қатарларына қосып жатқаны.

Үшіншіден, шетелдік миссионерлердің өз қызыметтерін жоғары деңгейде жүргізуінде болып отыр.

Әлемдік және дәстүрлі діндердің қайсы бірін алып қарасақта, барлығы жақсы қасиеттер мен адамгершілікке тәрбиелейді. Ислам дінінде адамгершілік пен сабырлылыққа үйрететін Құран аяттары мен хадистер жетерлік. Ислам дінінің өзі бейбітшілік деген мағынаны білдіреді.

Өкінішке орай қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдарынан және интернет ресурстарынан көретініміз тек лаңкестік оқиғалар мен дінді кері бұрмалаушылық болып отыр. Сонымен қатар, қоғамда неотәңіршілдік яғни ислам дініне тіл тигізу арқылы жоққа шығару сол арқылы діни араздықтар мен талас-тартыстардың туындауына алып келетін ақпараттар белең алуда. Ислам дініне экстремизм немесе терроризм деген ұғымдардың жат екендігі мәлім. Ал қазіргі қоғамдағы ислам атын жамылып келіп жатқан діни ағымдардың мақсаттары мүлдем басқа. Бұл діни ағымдардың астарында еліміздің тыныштығын бұзу, дін аралық алауыздық тудыру сияқты саясиланған мүдде жатқандығы белгілі.

Осы жоғарыда аталған жағдайларға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі 2011 жылы 11 қаңтарда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң қабылдады, жалпы діни мәселелерге қатысты жұмыстарды «Дін істері комитеті» реттейтін уәкілеттік алды. Сол кездегі жүйелі жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Ел аумағында тіркелген 46 конфессия, 4551 діни бірлестіктер анықталған болса, 2024 жылдың маусымындағы мәліметтерге сәйкес, 18 конфессия 3977 діни бірлестіктерге азайған. Олардың ішінде, 2835 - исламдық, 347 - православие, 93 - католик, 586 - протестант, 61 - Ехоба куәгерлері, 24 - Жаңаапостолдық шіркеу, 13 - Кришна санасы қоғамы, 7 - иудаизм, 6 - бахаи, 2 - буддизм, 2 - соңғы күнгі әулиелер Иса Мәсіхтің шіркеуі (мормондар), 1 - муниттердің ғибадатханалары қызмет етеді [1].

Дегенмен, көп ұлтты қазақ мемлекеті үшін бүгінгі діни жағдай маңызды әрі қадағалауды қажет ететіндігін жоққа шығармаймыз. Сондай-ақ үнемі сапалық және сандық жағынан өзгерістерге ұшырап отыратындығы анық.

Бүгінгі таңда қоғамды теріс пиғылды дін ағымдардан сақтандырудың бірден-бір құралы діни сауаттылықты арттыру болып отыр. Қазіргі уақытта бұл мақсатта көптеген жұмыстар атқарылып жатқандығы да белгілі.

Елімізде он төрт діни оқу орыны бар. Олардың екеуі христиан бағытында, он екісі ислам діні бағытында. Бастапқы курстар мен діни мектептердің саны төрт жүзге жуықтайды. Бүгінгі таңда Республикамыздың көптеген жоғары оқу орындарында дінтану мамандығы дайындалып, басқа мамандықтарға дінтану пәні оқытылады. Сондай-ақ барлық мектептердің 9-сыныптарында дінтану пәні таңдау пәні ретінде оқытылады бұл жастардың діни сауат ашуымен қатар, теріс ағымдардың жетегінде кетпеуінің басты құралы болары сөссіз [2].

Coнымeн қатар, еліміздегі діни жағдайдың алдын алу мен діни сауаттылықты арттыру мақсатында және, діни тeррoризм мeн экcтремизмге қарсы тұруға дін мәсeлелeрі жөніндeгі aқпaраттық-нaсихaт тoптaры жұмыс жасайды. АНТ құрaмынa теoлoгтар, дінтaнушылaр, психoлгтaр, зaңгeрлeр, жәнe жeргілікті aтқaрушы oргандaрдың қызмeткeрлeрі енді.

Және де экстремистік және террористік бағыттағы материалдардың алдын алу мен дұрыс діни ақпараттардың таралуын қамтамасыз ету үшін «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына сәйкес дінтану сараптамасы жүргізіледі.

Бұл өз кезегінде дінге қызығушылық танытқан оқырмандардың дұрыс діни ақпараттармен танысуына мүмкіндік тудырады. Діни сауаттылығын арттырамыз деген жастарға Дін істері комитетінің дінтану сараптамасынан оң қорытынды алған материалдарды ұсынар едім.

Бүгінгі қоғам діни сауаттылықтың ауадай қажет екенін жоққа шығармайды. Қазіргі ақпараттың кең дамыған уақытында ақпараттық ресурстарды қолданып халықты дұрыс мәлімет пен  қамтамасыз ете алсақ өз жемісін берері сөзсіз. Сонда ғана еліміз өркендеп, діни сауатты азаматтарымыз көбейіп, мемлекетімізді теріс діни ағымдардан сақтап қаламыз.

 

Толеу Гибадат

Дінтану сараптамасы департаментінің

жетекші сарапшысы