Жаңалықтар

АҚШ-та діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі қазақстандық-америкалық сараптау жұмыс тобының отырысы өтті

Бөлісу

Вашингтонда діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі қазақстандық-америкалық сараптау жұмыс тобының алтыншы отырысы өтті. Қатысушылар халықаралық дін бостандығы, дін саласындағы заңнама және Қазақстандағы діни бірлестіктермен өзара жұмыс істеу мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар отырыс барысында тараптар діни бірлестіктер құқығын қорғау және қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасты. Қазақстан тарапынан отырыс жұмысына ҚР МАМ Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Әнуар Хатиев, Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы м.а. Дианна Есенова, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының кеңесшісі Бижігіт Қойшиев және Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов қатысты.

Америкалық тараптан АҚШ Мемлекеттік департаментінің халықаралық діни бостандық жөніндегі елшісінің арнайы тапсырмалар жөніндегі орынбасары Джейсон Макинерни, АҚШ-тың халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссиясы өкілдері және дін саласындағы сарапшылар қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен АҚШ-тың дін саласындағы екіжақты өзара ынтымақтастығының маңыздылығы туралы ортақ пікірге келді.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/747537?lang=kk