Жаңалықтар

Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ-тың діни бостандық саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

Бөлісу

Вашингтон, 2024 жылғы 10 сәуір – Қазақстандық делегацияның «LYN Community» америкалық ҮЕҰ ұйымдастырған конфессияаралық диалог пен ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі тренингтерге қатысуы аясында Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінде Ораза Айт мерекесіне орай діни сенім бостандығы мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға АҚШ Мемлекеттік департаментінің, Халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссиясының өкілдері, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің қатысушылары, сондай-ақ ҚР мен АҚШ-тың түрлі діни конфессияларының өкілдері қатысты.

Іс-шараны ашқан Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Е.Ашықбаев қонақтарды қасиетті Рамазан айының аяқталуымен құттықтап, діни бостандық Қазақстанда жүргізіліп жатқан демократиялық өзгертілімдердің негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Конфессияаралық диалогты қолдау және бейбітшілікті ілгерілету бойынша бірлескен шараларды әзірлеу үшін өзін сенімді алаң ретінде танытқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің қызметіне ерекше назар аударылды.

АҚШ-тың Халықаралық діни бостандық бойынша ерекше тапсырмалар жөніндегі бұрынғы Елшісі Д.Саперстин Қазақстанның конфессияаралық келісімді қолдаудағы рөлін атап өтті. Оның пікірінше, «дінаралық диалог әртүрлі діндер мен ұлттардың жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы күресуге күш-жігерін біріктіруге ықпал етеді».

«Діни және дәстүрлі бітімгерлер желісі» (NRTP) хатшылығының директоры М.Эльсаноуси Қазақстан әртүрлі діндердің көшбасшыларын ортақ мәселелерді шешу үшін біріктіре алғанын атап өтті.

Сол күні ҚР мен АҚШ арасында Діни сенім бостандығы жөніндегі жұмыс сарапшылық тобының алтыншы отырысы өтті.

Қазақстан делегациясының басшысы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Әнуар Хатиев болды. Америкалық тарап АҚШ-тың Халықаралық діни бостандық жөніндегі арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісінің орынбасары Джейсон Макинерни деңгейінде ұсынылды.

Қазақстандық делегация Қазақстандағы діни сенім бостандығын қорғау, үкіметтік емес сектормен және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, ұлттық заңнаманы одан әрі ырықтандыру саласындағы басымдықтарды атап өтті.

Конфессияаралық диалогты қолдау және бейбітшілікті ілгерілету бойынша бірлескен шараларды әзірлеу үшін өзін сенімді алаң ретінде танытқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің қызметіне ерекше назар аударылды.

Америкалық тарап Қазақстанның конфессияаралық келісімнің табысты моделін құру жөніндегі жетістіктерін құптап, елдің өңірдегі белсенді ұстанымын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар сындарлы диалогты жалғастыруға келісті. Қазақстандық тарап келесі жылы Жұмыс сарапшылық тобының кезекті отырысын Қазақстанда өткізуді ұсынды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/747209?lang=kk