2024 жылғы 19 ақпанда Каирде (Египет) ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру мақсатында және екіжақты тұрақты комитеттің бірінші отырысы аясында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы мен әл-Азһар Исламтану академиясы бірлесіп «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – әлемнің тұрақты дамуына қол жеткізудегі дін көшбасшыларының рөлін және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне қатысушылардың дінаралық диалогты ілгерілетудегі серіктестігін одан әрі кеңейту, сондай-ақ оның Декларациясын және Съезді дамыту Тұжырымдамасын қарастыру. Іс-шараға Съезд Хатшылығының мүшелері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің серіктестері, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен Қазақстан, Египет, Түркия, Үндістан, БАӘ, Пәкістан, Катар, Өзбекстан, Мальта, Бразилия, Татарстан діни бірлестіктерінің сарапшылары қатысты.
Дөңгелек үстелде Әл-Азхар исламтану академиясының Бас хатшысы Назир Мухаммад Мухаммад әл-Назир Аяд, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев, Әл-Азһар Ғалымдар Кеңесінің мүшесі Мұхаммед Абдул Рахман әл-Дувайни, Әл-Азхар университетінің Президенті Салама Жума Дауд, Астанадағы әулие Мария Рим-католиктік архиепархиясының Архиепископ-митрополиты Томаш Бернард Пэта, Мұсылмандардың ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы, Адамзат бауырластығы жоғары комитетінің Бас хатшысы Мұхаммед Абдель Салам (БАӘ), Бас епископ және Каирдегі Копт-православие мәдени орталығының басшысы Епископ Иеремия (Мысыр), Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров, Исламабад халықаралық ислам университеті Ислам зерттеулері институтының бас директоры Мухаммад Зия Ул-Хак, ИЫҰ (IRCICA) жанындағы Ислам тарихы, Өнер және мәдениетін зерттеу орталығының жетекшісі Махмуд Эрол Кылыч, Сомая Видьявихар университетінің Конфессияаралық қатынастар және өзара түсіністік бағдарламасының Хатшысы Самир Шантилал Сомайя, Жоғарғы имам Ахмет ат-Тайебтің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Нахла Сабри әл-Саиди, Дінаралық диалог жөніндегі Доха халықаралық орталығы Кеңесінің мүшесі Юсеф әл-Сыддыки, Қазақстан-Бразилия достық форумының президенті, Планетарлық одағының Президенті Улиссес Ридель де Ресенде, Толеранттылық пен бейбітшілік жөніндегі Жаһандық Кеңестің Төрағасы Ахмед бен Мохаммед әл-Джаруан, Египет Араб Республикасының вакуфтар Министрінің өкілі, «Нұр-Мүбарак» Қазақстан-Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Мұхаммед әл-Шахат әл-Джинди, Бұлғар Ислам академиясы Дінаралық диалог орталығының аға ғылыми қызметкері, ISISS РҒА аға ғылыми қызметкері Сергей Владиславович Мельник, Әл-Азһар университетінің ақида және философия профессоры Мухаммад Юсри Джафар, Назарбаев университетінің Орыс тарихы және діні кафедрасының доценті Дэниел Скарборо, Өзбекстандағы Ислам өркениеті орталығының аға ғылыми қызметкері Илхомжон Бекмырзаев, Әл-Азһар университетінің дайындық факультетінің деканы Мухаммад Абдул Дайем әл-Жунди, Әл-Азһар университетінің Ислам мәдениеті кафедрасының доценті Реза Махмуд Мухаммад әл-Саид сөз сөйледі.Іс-шараның алғысөзінде Әл-Азһар Исламтану академиясының Бас хатшысы Назир Мұхаммед Мұхаммед Әл-Назир Аяд әлемде болып жатқан қақтығыстар аясындағы іс-шара тақырыбының өзектілігін және диалог, бейбітшілік орнату мақсатында мемлекеттер мен конфессиялардың интеграциясына Съездің қосқан үлесін атап өтті.
Өз кезегінде Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев рухани дипломатияны дамытудың маңыздылығы, Қазақстанның конфессияаралық келісім, жаһандық дінаралық диалогты ілгерілету саласындағы бастамалары туралы сөз қозғап, VII Съездің Декларациясының тарихи маңыздылығы мен «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған Тұжырымдамасына» тоқталды. «Съездің даму тұжырымдамасы адамзат болмысының мызғымас қағидаттары ретінде сыйластықты, бейбітшілік пен келісімді дамытуға, діндер, ұлттар мен ұлыстар арасындағы диалог пен сыйластықты, келіспеушіліктер мен қақтығыстарды келісім мен ымыраға келу негізінде шешу мәдениетін ілгерілетуге ықпал етеді».
Дөңгелек үстел барысында Б.Сәрсенбаев іс-шараға қатысушыларға бірлескен күш-жігердің арқасында өзара ынтымақтастықты нығайту арқылы діндер арасындағы түсіністік пен сыйластық алаңына айналған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жұмысына жан-жақты қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.
Іс-шараны жалғастыра отырып, дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстанның дінаралық диалогты ілгерілету және мәдени әртүрлілікті қолдау жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады. Съезд қызметі қазіргі әлемнің жаһандық мәселелерін шешуге көмектесу мақсатында діни көшбасшылар, саясаткерлер және халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталуы тиіс екендігі атап өтілді.
Сондай-ақ, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен Қазақстандық диалог саясаты тек ел ішіндегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің кепілі болмай, сонымен бірге адамзаттық гуманизм, жер бетіндегі бейбітшілік жолында діндердің, мәдениеттердің және өркениеттердің достығы идеяларын сәтті жобалағаны атап өтілді.
Жалпы, іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар конфессияаралық және өркениетаралық диалог мәселелерін одан әрі зерделеу, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі мен оның институттары аясындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша тиісті ұсынымдар әзірледі.