Жаңалықтар

Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Египетте екіжақты кездесулер өткізді

Бөлісу

2024 жылдың 18-19 ақпанында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі Уәкіл, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың Мысыр Араб Республикасына (Каир) жасаған жұмыс сапары аясында Мысыр Араб Республикасының вакуфтар Министрі Мұхаммед Мұхтар Джумаамен, Мысырдың Бас мүфтиі Шауки Ибрахим Абдел Кәрім Алламмен, Әл-Азһар Исламдық зерттеулер академиясының Бас Хатшысы Назир Мұхаммед Мұхаммед әл-Назир Аядпен, Каирдегі Копт православие мәдени орталығының Басшысы және Бас Епископ Иеремия және Әл-Азхар университетінің Президенті, доктор Салама Даудпен, Доха конфессияаралық диалог орталығы Кеңесінің мүшесі Юсеф әл-Сыддықимен екіжақты кездесулері өтті. 

 

 

Екіжақты кездесулер барысында Б.Сәрсенбаев Орталықтың серіктестеріне бірлескен күш-жігердің арқасында діндер арасындағы сыйластық пен түсіністікті  нығайту алаңына айналған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жұмысын жан-жақты және дәйекті қолдағаны үшін алғысын білдірді. Ол, сондай-ақ, рухани дипломатияны дамытудың маңыздылығына тоқталып, Қазақстанның конфессияаралық келісім және жаһандық дінаралық диалогты ілгерілету саласындағы бастамалары туралы айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.Тоқаев тапсырмасымен әзірленген «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасының» ережелерін іске асыру аясында съездаралық кезеңде атқарылған жұмыстар айтылды.

Сондай-ақ, кездесулер барысында Б.Сәрсенбаев тараптарды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы М.Әшімбаев бекіткен, Съезд Тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарында белгіленген Тұжырымдаманың Съездің миссиясын ілгерілету тетіктерінің жаңа кезеңдері туралы хабарлады. Сонымен қатар, Съездің Ізгі ниет елшілері институтын енгізудің және Жас дін көшбасшыларының форумын өткізудің маңыздылығы атап өтілді.

Жалпы екіжақты кездесулердің қорытындысы бойынша, тараптар кең ауқымды мәселелерді талқылап, екіжақты және көпжақты деңгейде одан әрі ынтымақтастықтың басым бағыттарын белгіледі.