Жаңалықтар

Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы «Астана қаласының Өзбек этномәдени орталығы» ҚБ Төрағасымен кездесті

Бөлісу

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев «Астананың өзбек этномәдени орталығы» ҚБ Төрағасы Ш.Пулатовпен кездесті.

Кездесу барысында Б.Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі Уәкіл ретінде XXI Хатшылыққа қатысушылар қабылдаған «2023-2033 жылдарға арналған Съезді дамыту тұжырымдамасының» негізгі ережелерін, сондай-ақ Съезд және оның институттарының дінаралық және мәдениетаралық диалогты дамытудағы маңыздылығын атап өтті. Тұжырымдама адамзаттың өткір мәселелерін шешу үшін діни көшбасшылардың күш-жігерін біріктіру арқылы алдағы жылдарға арналған форумның дамуы туралы жаңартылған көзқарасты ұсынатыны атап өтілді. Осы құжатты Қазақстанда және шетелде ілгерілетудің маңыздылығы туралы айта келе, Басқарма Төрағасы Съездің миссиясын, мақсаттары мен қорытынды құжаттарын іске асыруға бағытталған Орталықтың жоспарларымен бөлісті.

Екіжақты кездесу шеңберінде тараптар дінаралық және мәдениетаралық диалог саласында одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаласты.