2023 жылдың 21 қарашасында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев пен Армения Республикасы Ұлттық Жиналысы жанындағы «Армения-Қазақстан» достық тобының өкілдерінің кездесуі болып өтті. Кездесуге Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының Аймақтық мәселелер және еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары, «Азаматтық шарт» партиясының мүшесі В.С. Акобян, Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.В.Гевондян, Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының Есеп комиссиясының төрағасы, ғылым, білім, мәдениет, диаспора, жастар және спорт жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері Н.С.Бабаян, Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының Қаржы-несие және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Г.А.Папоян, Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының Қаржы-несие және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері Н.А.Григорян және т.б. қатысты.
Кездесу барысында Б.Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл ретінде қонақтарды бейбіт өмір сүрудің, толерантты қоғам құрудың және конфессияаралық диалогтың бірегей қазақстандық үлгісімен таныстырды. Әңгімелесу барысында Қазақстанның бастамасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезіне, сондай-ақ ХХІ Хатшылық отырысында қабылданған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 2023-2033 жылдарға арналған Даму тұжырымдамасына тоқталды.
«Діни көшбасшылар әділ және қауіпсіз әлем үшін». Орталықтың Басқарма Төрағасы «құжат әріптестік шеңберін және форум қызметінің географиясын кеңейту мақсатында Съездің БҰҰ институттары және басқа да беделді халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын дамытуға бағытталған», - деп атап өтті.
Достық тобының өкілдері өз кезегінде Қазақстанның елдегі және әлемдегі дінаралық келісімді қамтамасыз етудегі бірегей жобасын жоғары бағалап, халықаралық аренадағы қауіпсіздік мәселелерінде бітімгершілік күш-жігерін біріктіруде Қазақстанның маңызды бастамаларын атап өтті.
Қорытындылай келе, кездесуге қатысушылар Қазақстанның тәжірибесі жаһандық деңгейде бейбітшілікті дамытуға ықпал ететін мәдениетаралық бағыттың өзіндік моделін сәтті құрудың көрсеткіші екендігімен келісті.
Кездесу соңында Армения делегациясының мүшелеріне Бейбітшілік және келісім мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
Анықтама: Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі мен Съезінің Хатшылығына Армениядан қатысушылар: II Съезде - Гарегин II Жоғарғы Патриарх және барлық армяндардың католикосы, III Съезд - Епископ Маркос Ованнисян, Армян апостольдық шіркеуінің Гегаркиник епархиясының басшысы, ,VI Съезд - Архиепископ Натан Оганисян Жоғарғы Патриарх және барлық армяндардың Каликоса халықаралық істер жөніндегі орынбасары, XIV, XV, XVI, XVII, XVIII, XІХ Съезд Хатшылықтары - Маркос Оганесян, Армян апостольдық шіркеуінің украин епархиясының басшысы, IX, X, XI Хатшылық - Епископ Маркос Оганнесян Армян апостольдық шіркеуінің Гегаркиник епархиясының басшысы.