Жаңалықтар

Қазақстан әлемге қоғамдық және дінаралық бірліктің үлгісін көрсетті

Бөлісу

«Қазіргі уақытта 100-ден астам этнос Қазақстанда өзара түсіністік пен келісім жағдайында өмір сүреді. 18 конфессияның 4 мыңға жуық діни бірлестігі еркін жұмыс істеп жатыр. Мұны біздің баға жетпес байлығымыз әрі мызғымас басымдығымыз деп санаймыз»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде сөйлеген сөзінен.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда этносаралық және конфессияаралық келісім қоғамының өзіндік бірегей моделі құрылды. Бұл жол бүкіл әлемге «Қазақстандық жол» ретінде танылды. Бірегей қазақстандық тәжірибе жаһандық деңгейде сұранысқа ие болды, сондықтан Астана әлемдік қоғамдастықтың діни көшбасшыларының кездесу орны мен диалог алаңына айналды. Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін өткізу туралы бастамасы әлемдік қоғамдастықта үлкен қызығушылық тудырды. Бұл идеяға Ресей, АҚШ, Англия, Франция, Египет сияқты алпауыт елдердің басшылары, беделді саясаткерлер және көптеген діни конфессия лидерлері қолдау білдірді. Съездің үлкен жетістігі Қазақстан бүкіл әлем алдында шынайы қоғамдық және дінаралық келісім мен бірлікке қол жеткізген ел ретінде өзін көрсетті.

2003 жылдан 2022 жылға дейін Астанада өткен «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының» жеті съезіне ислам, христиан, иудаизм, буддизм, синтоизм, даосизм және басқа да дәстүрлі діндердің басшылары мен дін өкілдері қатысты. Дінаралық диалог және ортақ бағдарларды іздеу контекстіндегі барлық тұжырымдамалық идеялар бірінші конгрессте қабылданды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтып кеткендей: «Бұл біздің баға жетпес байлығымыз және ажырамас артықшылығымыз деп санаймыз. Съезді өткізу біздің елімізде де, бүкіл әлемде де диалог пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Қазақстан саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Қазіргі күрделі кезеңде діни лидерлер бір үстелде отырып, барлық әлемге кез-келген келіспеушіліктерді жеңетін ізгі ниеттің үлгісін көрсетуі өте маңызды».

Биыл қазан айында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 20 жылдығы атап өтіледі. ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.Әшімбаевтың жетекшілігімен Съезд Хатшылығының XXI мерейтойлық отырысы өтеді. Хатшылық діндер, мәдениеттер пен өркениеттердің арасындағы диалогты дамытуға бағытталған. Бұл мерейтой арқылы Қазақстан толеранттылықты, дінаралық диалог пен бейбітшілікті негізгі нысанға ала отырып, ел ордасы Астана қаласына барлық дін өкілдерін қуана қарсы алмақ.

Байкен Есет Берікұлы

Астана қаласы әкімінің орынбасары

https://abai.kz/post/174406