2023 жылғы 18 мамыр – Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы, сондай-ақ Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институтымен бірлесіп гибридті форматта «Жаһандық бейбітшілік пен орнықты әлеуметтік- экономикалық дамуға қол жеткізудегі діни көшбасшылардың рөлі» тақырыбында халықаралық Дөңгелек үстел ұйымдастырды оның аясында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінің негізгі месседждері және оның қорытынды Декларациясы талқыланды.
Іс-шараға Қазақстан, Пәкістан, Әзірбайжан, Түркия елдерінің зерттеуші ғалымдары, теологтар және сарапшы топтардың өкілдері, сондай - ақ Пәкістан басшылығының ресми өкілдері - Ислам идеологиясы жөніндегі Кеңестің Төрағасы Кибла Айаз, христиан, сикх, бахаи және т.б. конфессиялардың дін өкілдері қатысты.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының мүшесі ретінде, профессор, доктор М. Зия Ул Хак дөңгелек үстелге қатысушыларды халықаралық форумның жұмысымен таныстырып, Хатшылықтың қызметіне қатысу тәжірибесімен бөлісті.
Профессор қазақстандық бастаманың өзектілігін, маңыздылығын және уақтылылығын атап өтіп, Пәкістан тарапы осы форумды одан әрі қолдайтынын атап өтті.
Зия Ул Хак Пәкістандық сарапшылар мен ПИР ресми өкілдеріне қоғамдық даму моделін құрудағы Қазақстанның тәжірибесін жан-жақты зерделеу қажеттілігі туралы пікір білдірді. Сонымен қатар, олар мұндай іс-шаралар Қазақстан тарапымен бірлесіп Ислам Республикасының түрлі өңірлерінде тұрақты негізде өткізілетінін атап өтті.
Өзінің құттықтау сөзінде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарама төрағасы Б.Сәрсенбаев жетінші съездің маңыздылығын ерекше атап өтті. ҚР Президенті Қ.Тоқаев ұзақ мерзімді тұрақтылықты іздеуде рухани биліктің күш-жігерін біріктіру үшін діннің бітімгершілік әлеуетін дұрыс пайдаланудың маңыздылығын атап өткендігі жайлы айтты.
Дөңгелек үстел барысында баяндамашылар әртүрлі конфессиялар арасында тұрақты диалог орнатудың өзектілігін ерекше атап өтті, олардың көріну кезеңінде қарама-қайшылықтардың туындауын болдырмау, сондай-ақ бұрыннан бар қайшылықтарды шешу мақсатында әртүрлі діни конфессиялар арасында сындарлы қатынастар құру қажеттілігін атап өтті.
Осы тұрғыда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін шақыру жөніндегі Қазақстандық бастаманың маңыздылығы болып жатқан оқиғалар аясында Съезд тәжірибесін одан әрі кеңейтіп, оған көбірек қатысушыларды тарта отырып, одан әрі тарату қажет.
Өз тарапынан Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қыстафин Ержан Сансызбайұлы қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып, Исламабад қаласындағы Қазақстандық дипломатиялық миссия екіжақты форматта да, өңіраралық өзара іс-қимыл шеңберінде де бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған дінаралық диалогты одан әрі ілгерілететіндігін атап өтті.