Жаңалықтар

Н.Назарбаев орталығы Басқарма Төрағасы Үндістанның ҚР Елшілігінің Вивекананда мәдени орталығының директорымен кездесті

Бөлісу

2023 жылғы 17 мамырда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігінің Свами Вивекананд Мәдениет орталығының директоры Санжай Ведимен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Болат Сәрсенбаев орталықтың қызметі мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII Съезінің діни төзімділік пен өркениетаралық диалогты нығайтудағы маңызды рөліне тоқталды. Сондай-ақ, VII Съезд Декларациясының тарихи маңыздылығын айта отырып, Съезд - діндер, конфессиялар мен этникалық топтар арасындағы өзара құрметке қол жеткізу үшін әлемдік қауымдастықта бірегей диалог алаңы болып табылатынын, оның Декларациясын іргелі мәселелерді қамтитын нұсқаулық ретінде пайдалануға болатынын жеткізді.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшібаевтың басшылығымен өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің XXI мерейтойлық Хатшылығының отырысын өткізуге дайындық жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Тараптар Мәдениет орталығының экспонаттарын Бейбітшілік және келісім мұражайының қорына сыйға беруді ұйымдастыру мәселелерін талқылады, сондай-ақ 2024 жылы орталық базасында Үндістаннан экспонаттар көрмесін өткізу туралы уағдаласты.

Кездесу соңында Бейбітшілік және келісім мұражайыда экскурсия ұйымдастырылды.